AutoSciPub

Материал

ӘОЖ: 341.48/.49
ҒТАМР: 10.79.01

ЕРИНБЕТОВА Л.К.1, САТАНОВА Л.М.2, МАДАЛИЕВ Т.П.3, РЮСТЕМОВА Ж.А.4

1 заң ғылымдарының кандидаты, META University Қазақстан Республикасы, Алматы қ;
2 заң ғылымдарының кандидаты Q University, Қазақстан Республикасы, Алматы қ;
3 қауымдастырылған профессор (доцент), Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы жедел-іздестіру қызметі кафедрасының доценті, полиция полковнигі;
4 қауымдастырылған профессор (доцент), Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы жедел-іздестіру қызметі кафедрасының доценті, полиция подполковнигі.

ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАЛАР МЕН БАЛАМА ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗЕРТТЕУ

Андатпа. Мақалада қылмыстық жазаның репрессивті түрлерімен, атап айтқанда, бостандығынан айырумен салыстырғанда құқық бұзушыларға ықпал етудің баламалы шараларының тиімділігі мәселесі қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі – құқық бұзушыларға ықпал етудің баламалы шараларының тиімділігін зерделеу теориялық және практикалық маңызы бар өзекті міндет болып табылады. Қазіргі қоғам тек қылмыстың деңгейін төмендетіп қана қоймай, құқық бұзушылардың түзелуіне, қайталама құқық бұзушылықтың азаюына және азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан сенімді қорғауға мүмкіндік беретін қылмыстық-құқықтық шараларды қажет етеді. Зерттеу пәні – құқық бұзушыларға ықпал етудің баламалы шаралары және оларды Еуропа елдерінде, АҚШ-та және Қазақстанда жүзеге асыру жолдары. Зерттеу әдістері ретінде салыстырмалы, тарихи-құқықтық, нормативтік талдау әдістері мен дедуктивті ғылыми зерттеу әдісі қолданылды. Мақсаты – құқық бұзушыларға ықпал етудің баламалы шараларын қолданатын елдердің заңнамалық актілерін талдау және олардың тиімділік деңгейін салыстыру. Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы – мақала авторлары Қазақстандағы пробациялық бақылау нәтижелілігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарды ұсынады. Зерттеу нәтижесінде авторлар қылмыстық жаза түрін таңдауда гуманистік қағидаттарды ескеру маңызды деген қорытындыға келді. Қазіргі сот төрелігі қоғам мүдделерін ғана емес, сондай-ақ сотталған адамдардың түзелу құқығын да ескеруі тиіс. Бұл – жасалған қылмысқа сай келетін жаза түрін қолдану арқылы ғана мүмкін болады. Гуманистік қағидаттарға негізделген елдер қылмыс деңгейінің төмендеуінде және құқыққа бағыну мәдениетін қалыптастыруда анағұрлым жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Осыған байланысты, баламалы жаза түрлері сотталғандарды түзеу және жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу ісінде анағұрлым нәтижелі құрал болып табылады.

Түйінді сөздер: баламалы шаралар, құқық бұзушылық, қылмыстық заң, бостандығынан айыру, қоғамдық жұмыстар, сотталғандар, сот төрелігі, Еуропа елдері, АҚШ, Қазақстан, пробация.

ЕРИНБЕТОВА Л.К.1, САТАНОВА Л.М.2, МАДАЛИЕВ Т.П.3, РЮСТЕМОВА Ж.А.4

1 кандидат юридических наук, META University Республика Казахстан, г. Алматы;
2 кандидат юридических наук Q University, Республика Казахстан, г. Алматы;
3 ассоциированный профессор (доцент), доцент кафедры оперативно-розыскной деятельности Алматинской академии МВД Республики Казахстан имени М. Исполатова, полковник полиции;
4 ассоциированный профессор (доцент), доцент кафедры оперативно-розыскной деятельности Алматинской академии МВД Республики Казахстан имени М. Исполатова, подполковник полиции.

СРАВНИТЕЛЬНОЕ ПРАВОВОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ УГОЛОВНЫХ НАКАЗАНИЙ И АЛЬТЕРНАТИВНЫХ МЕР ВОЗДЕЙСТВИЯ ЗА РУБЕЖОМ

Аннотация. В статье рассматривается вопрос эффективности альтернативных мер воздействия на правонарушителей по сравнению с репрессивными видами уголовного наказания, в частности, лишением свободы. Актуальность темы - изучение эффективности альтернативных мер воздействия на правонарушителей является актуальной задачей, имеющей теоретическое и практическое значение. Современное общество нуждается не только в снижении уровня преступности, но и в уголовно-правовых мерах, позволяющих исправлять правонарушителей, уменьшать повторные правонарушения и надежно защищать граждан от преступных посягательств. Предмет исследования - альтернативные меры воздействия на правонарушителей и пути их реализации в странах Европы, США и Казахстане. В качестве методов исследования использованы сравнительные, историко-правовые, нормативные методы анализа и метод дедуктивного научного исследования. Цель - анализ законодательных актов стран, применяющих альтернативные меры воздействия к правонарушителям, и сопоставление уровня их эффективности. Научная новизна исследования - авторы статьи предлагают ряд рекомендаций, направленных на повышение результативности и эффективности пробационного контроля в Казахстане. В результате исследования авторы пришли к выводу, что при выборе вида уголовного наказания важно учитывать гуманистические принципы. Нынешнее правосудие должно учитывать не только интересы общества, но и право осужденных на исправление. Это возможно только путем применения соответствующего вида наказания за совершенное преступление. Страны, основанные на гуманистических принципах, показывают лучшие результаты в снижении уровня преступности и формировании культуры правопорядка. В этой связи наиболее эффективным инструментом в деле исправления осужденных и предупреждения новых правонарушений являются альтернативные виды наказаний.

Ключевые слова: альтернативные меры, правонарушения, уголовное право, лишение свободы, общественные работы, осужденные, правосудие, страны Европы, США, Казахстан, пробация.

ERINBETOVA L.K.1, SATANOVA L.M.2, MADALIEV T.P.3, RUSTEMOVA Z.A.4

1 Candidate of Law, META University, Republic of Kazakhstan, Almaty;
2 PhD in Law, Q University, Republic of Kazakhstan, Almaty;
3 Associate Professor (Associate Professor), Associate Professor of the Department of Operational-Search Activities of the Almaty Academy of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Ispolatov, Police Colonel;
4 associate professor (associate professor), associate professor of the department of operational-search activities of the Almaty Academy of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Ispolatov, police lieutenant colonel.

COMPARATIVE LEGAL STUDY OF CRIMINAL PENALTIES AND ALTERNATIVE MEASURES OF INFLUENCE ABROAD

Annotation. The article considers the issue of the effectiveness of alternative measures of influence on offenders in comparison with repressive types of criminal punishment, in particular, imprisonment. Relevance of the topic - the study of the effectiveness of alternative measures of influence on offenders is an urgent task of theoretical and practical importance. Modern society needs not only a reduction in crime, but also in criminal legal measures to correct offenders, reduce repeated offenses and reliably protect citizens from criminal encroachments. The subject of the study is alternative measures of influence on offenders and ways of their implementation in Europe, the USA and Kazakhstan. Comparative, historical and legal, normative methods of analysis and the method of deductive scientific research were used as research methods. The goal is to analyze the legislative acts of countries applying alternative measures of influence to offenders and compare the level of their effectiveness. Scientific novelty of the study - the authors of the article offer a number of recommendations aimed at increasing the effectiveness and efficiency of probation control in Kazakhstan. As a result of the study, the authors came to the conclusion that when choosing the type of criminal punishment, it is important to take into account humanistic principles. The current justice must take into account not only the interests of society, but also the right of convicts to be corrected. This is possible only by applying the appropriate type of punishment for the crime committed. Countries based on humanistic principles perform best in reducing crime and fostering a culture of law and order. In this regard, alternative punishments are the most effective tool in correcting convicts and preventing new offenses.

Keywords: Balamals Sharalar, қққy іbіzushyly і, қylmysty і for і, bostandyғynan ayyru, қoқamdy өzhumystar, sottalқandar, sot trolig і, Europa elder і, AYSH, Kazakhstan, probation.

Мақалада қылмыстық жазаның репрессивті түрлерімен, атап айтқанда, бостандығынан айырумен салыстырғанда құқық бұзушыларға ықпал етудің баламалы шараларының тиімділігі мәселесі қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі – құқық бұзушыларға ықпал етудің баламалы шараларының тиімділігін зерделеу теориялық және практикалық маңызы бар өзекті міндет болып табылады. Қазіргі қоғам тек қылмыстың деңгейін төмендетіп қана қоймай, құқық бұзушылардың түзелуіне, қайталама құқық бұзушылықтың азаюына және азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан сенімді қорғауға мүмкіндік беретін қылмыстық-құқықтық шараларды қажет етеді. Зерттеу пәні – құқық бұзушыларға ықпал етудің баламалы шаралары және оларды Еуропа елдерінде, АҚШ-та және Қазақстанда жүзеге асыру жолдары. Зерттеу әдістері ретінде салыстырмалы, тарихи-құқықтық, нормативтік талдау әдістері мен дедуктивті ғылыми зерттеу әдісі қолданылды. Мақсаты – құқық бұзушыларға ықпал етудің баламалы шараларын қолданатын елдердің заңнамалық актілерін талдау және олардың тиімділік деңгейін салыстыру. Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы – мақала авторлары Қазақстандағы пробациялық бақылау нәтижелілігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарды ұсынады. Зерттеу нәтижесінде авторлар қылмыстық жаза түрін таңдауда гуманистік қағидаттарды ескеру маңызды деген қорытындыға келді. Қазіргі сот төрелігі қоғам мүдделерін ғана емес, сондай-ақ сотталған адамдардың түзелу құқығын да ескеруі тиіс. Бұл – жасалған қылмысқа сай келетін жаза түрін қолдану арқылы ғана мүмкін болады. Гуманистік қағидаттарға негізделген елдер қылмыс деңгейінің төмендеуінде және құқыққа бағыну мәдениетін қалыптастыруда анағұрлым жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Осыған байланысты, баламалы жаза түрлері сотталғандарды түзеу және жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу ісінде анағұрлым нәтижелі құрал болып табылады.

Түйінді сөздер: баламалы шаралар, құқық бұзушылық, қылмыстық заң, бостандығынан айыру, қоғамдық жұмыстар, сотталғандар, сот төрелігі, Еуропа елдері, АҚШ, Қазақстан, пробация.

Кіріспе

Құқық үстемдігін орнату және құқық нормаларын гуманизациялау аясында қылмыстық құқық ғылымы қылмыстық жазаны іске асыру барысында мақсатқа қол жеткізу тәсілдеріне байланысты бірқатар теориялық және практикалық мәселелерге тап болады.

Қоғамдағы криминогендік жағдайдың нашарлауына жауап ретінде әлем мемлекеттері, әдетте, қылмыстық саясатты қатаңдату жолына түсіп, заң бұзған барынша көп тұлғаларға қатысты бас бостандығынан айыру шараларын кеңінен қолдануға бейім болады. Алайда, мұндай стратегиялар түрме контингентінің өсуіне, қайталама құқық бұзушылықтың артуына, қоғамның қылмыстануына, әлеуметтік байланыстардың бұзылуына және қылмыстық-атқару саясатының басқа да кері салдарына алып келеді.

Бостандығынан айыру жазасы қылмыскер үшін жеке еркіндіктің ең маңызды құндылық екендігіне және бұл еркіндіктен айыру қатері оның құқық бұзушылықтан тартынуына себеп болады деген болжамға негізделген. Алайда, эмпирикалық деректер бұл жазаның тежегіш әсері шамалы екенін көрсетеді. Бұдан бөлек, әлем елдерінің тәжірибесі түрме жазасының қылмыспен күресте тиімді құрал бола алмайтынын дәлелдеп отыр. Керісінше, қоғамнан толық оқшаулау көптеген сотталғандар үшін жаңа қылмыстық тәжірибе мен байланыстар алатын ортаға айналып, оларды түзеудің орнына жағдайды одан әрі ушықтыра түседі.

Қазіргі әлем елдерінде пенология, криминология, қылмыстық құқық теориясы мен пенитенциарлық тәжірибе салаларында баламалы жаза түрлері мен құқық бұзушыларды оңалту әдістерін әзірлеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Соған қарамастан, бостандығынан айыру жазасы көптеген елдерде негізгі қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасы ретінде қолданылып, заңгерлердің көпшілігінің пікірінше, жазалау мақсатына қол жеткізудің ажырамас әрі маңызды құралы болып отыр.

Алайда, жазалауға және құқық бұзушыларды қоғамнан оқшаулауға басымдық беретін елдерде мұндай шаралардың тиімділігі төмен болып, қоғамның қылмыстануына себеп болатыны тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр.

Негізгі бөлім

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Латын Америкасы елдерінде бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі алғашқы бес жылда бұрын сотталған тұлғалар тарапынан жасалатын қылмыстардың қайталану деңгейі 70–80% аралығында тіркеледі [1]. Бұл көрсеткіштер Бразилия, Колумбия және Венесуэла елдерінің қылмыстық заңнамасында көзделген пенитенциарлық түзету арқылы қылмысты азайту мақсатына қол жеткізілмегенін көрсетеді, керісінше, қоғамдағы криминогендік ахуал ушыға түсуде.

Ал, бостандығынан айыру жазасынан біртіндеп бас тартуға және құқық бұзушылармен жұмыс істеудің жаңа әдістеріне көшу үрдісі байқалатын елдерде, керісінше, қылмыстың қайталану деңгейі айтарлықтай төмен. Мысалы, Латын Америкасында рецидив 70–80% деңгейінде болса, Швеция, Норвегия және Данияда бұл көрсеткіш небәрі 15–20% шамасында [2].

Осы орайда, Финляндия Республикасының жетістігі ерекше назар аударуға тұрарлық. XIX ғасырдың соңында Финляндияда көрші скандинавиялық елдермен салыстырғанда түрмелерде отырғандар саны шамамен үш есе көп болған. Бостандығынан айыру жазасы бұл елде Норвегия, Дания және Швециямен салыстырғанда әлдеқайда жиі қолданылды. Бұл мекемелерде ауыр қылмыс жасағандар қамалды. XX ғасырдың ортасына қарай Финляндия экономикалық жағынан әлсіз дамыған мемлекет болатын. Осыған байланысты ел билігі қылмыстық ахуалдың нашарлауына жауап ретінде жазаларды қатаңдату жолын таңдады, бұл көбінесе бостандығынан айыру жазасын тағайындаумен көрініс тапты.

Алайда, репрессивті жазаларды қолдану күткен нәтижеге жеткізбеді, себебі елдегі қылмыс деңгейі төмендемеді. Салық төлеушілер түрме жүйесін қаржыландырды, алайда орасан зор мемлекеттік шығындарға қарамастан, нәтиже болмады. Осы жағдайлар Финляндия билігін қылмыстық-атқару саясатын қайта қарауға және қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған тиімді реформалар жүргізуге мәжбүр етті [3].

Қылмысты азайту мәселесі тек билік органдарында ғана емес, сондай-ақ беймемлекеттік ұйымдар мен қоғамдастықтарда да кеңінен талқылана бастады. Ел азаматтары да бұл мәселеге бейжай қарамады. Талқылау барысында бостандығынан айыру жазасын кеңінен қолданудың қажеттілігі мен орындығы туралы сұрақтар қойылып, оны баламалы шаралармен ауыстыру мәселесі көтерілді. Нәтижесінде, 1889 жылғы Қылмыстық кодекске бірқатар гуманизациялық сипаттағы өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда:

- шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды белсенді қолдану шешімі қабылданды;

- қоғам мүддесіне айтарлықтай зиян келтірмейтін бірқатар қылмыстар декриминализацияланды;

- қылмыстарды қайталаған жағдайдағы жаза және рецидивистерді ұстау шарттары гуманизацияланды және т.б. [4].

Арнайы заңмен баламалы жаза түрі ретінде міндетті қоғамдық жұмыстар енгізілді. Бұл шара сотталған адамдардың бос уақытында ақысыз қоғамдық жұмыстар атқаруын қарастырды. Заң шығарушы осы жұмыстың азаматтардың тұрақты және ақылы жұмысына зиян келтірмеуін және оларды жұмыстан шығаруға себеп болмауын ерекше атап өтті.

Финляндия билігі қабылдаған шаралар оң нәтиже берді. Мысалы, халық саны шамамен 6 миллионға жуық Финляндияда бостандығынан айыру орындарында 3 мыңнан сәл астам адам отыр. Жүргізілген реформалар қылмыс деңгейін төмендетіп қана қоймай, мемлекеттік бюджет шығындарын едәуір үнемдеуге ықпал етті. Реформадан кейінгі кезеңде де бірқатар бостандығынан айыру жазасы баламалы шараларға (мысалы, мүлікті тәркілеу және қоғамнан оқшауламайтын басқа да тәсілдерге) ауыстырылды.

Қазіргі Финляндияда қылмыстық заңнамаға сәйкес ең жиі қолданылатын жаза түрі – түрлі көлемдегі айыппұл. Бұл жаза келесі құқық бұзушылықтар үшін көзделген: қасақана немесе абайсызда жеңіл және орташа дене жарақатын келтіру, ұрлық, алаяқтық, салық төлеуден жалтару, жала жабу, меншікке қарсы құқық бұзушылықтар және басқа да қылмыстар.

Дегенмен, фин заң шығарушысы бостандығынан айыру жазасын толықтай алып тастамаған. Елде пенитенциарлық жүйе қалыпты жұмыс істеуде және бұрынғыдай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Алайда, қылмыстық-атқару жүйесін барынша гуманизациялауға бағытталған саясаттың арқасында, соттардың көпшілігі жеңілдетілген үкім шығарып, көбіне жазаны шартты өтеу түрінде тағайындайды. Әсіресе, алғаш рет құқық бұзғандар үшін бұл кеңінен қолданылады.

Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға қатысты Финляндияда оларды арнайы қадағалаушы орган — Әкімшілік қадағалау қауымдастығының бақылауына беру туралы шаралар қабылданды. Бұл шаралар, жас ерекшелігіне байланысты құқық бұзушылықтың салдарын болжай алмайтын тұлғаларға қатысты жазалаушы шараларды қолданбауға мүмкіндік берді [5].

Тағы бір ерекше феномен — шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға бақылау жүргізу қызметін тек құқық қорғау органдары мен қадағалау қауымдастығының өкілдері ғана емес, сонымен қатар, ересек сотталғандар мен девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдерді тәрбиелеуге тартылған азаматтар да атқаратыны. Мәселен, әлеуметтік жобаларға қатысатын фин азаматтары УДО-да жүрген тұлғалармен үнемі кездесіп, оларға жұмысқа орналасуға, баспана табуға және ел аумағында жеке қадағалаушының бақылауымен қозғалуына көмектеседі. Қажет болған жағдайда, жеке қадағалаушы бақылауындағы тұлғаның әрекеттерін оның қауіпсіздігі үшін шектей алады.

Фин үкіметі қабылдаған барлық бұл шаралар нақты оң нәтиже беріп, елдегі қылмыс деңгейінің тұрақты төмендеуіне алып келді. Фин қоғамында уақыт сынынан өткен бостандығынан айырудың баламасы ретіндегі жаза түрлері әлемдік қауымдастықта тиімді әрі зерттеуге және қолдануға тұрарлық тәжірибе ретінде мойындалды [6].

АҚШ-та шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған сотталғандарға бақылау жүргізу үшін «интенсивті қадағалау» әдісі қолданылады. Бұл әдіс қадағалаушы мен сотталған арасындағы тығыз байланысты көздейді, оған сәйкес қадағалаушы сотталғанның есірткі немесе алкоголь қолдануын тексеруге құқылы. Бұл тәсіл оң нәтиже берген, өйткені ол тек сотталғандардың түзелуіне ғана емес, сонымен бірге қадағалаушылардың өз жауапкершілігін сезініп, тәртіп пен құқықтық мәдениет деңгейін арттыруына ықпал етеді [7].

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері сотталғандардың психологиялық аспектісіне назар аудара отырып, қысым көрсету әдістері неғұрлым қатаң болған сайын, соңғылардың оларды бұзуға немесе түрмеден қашуға деген ұмтылысы соғұрлым жоғары болатынын атап өтеді. Бұл тұрғыда Финляндияның тәжірибесі үлгі бола алады: қауіпті рецидивистерден басқа сотталғандар үшін жабық мекемелерде толық оқшаулау және тоталды бақылау режимі жойылған.

Осылайша, Финляндияның қылмыстық-атқару жүйесі біртіндеп жазалаушы шаралардан сенімге негізделген, жұмсақтау тәсілдерге көше бастады. Финляндияның бұл озық тәжірибесі көрші елдердің назарынан тыс қалмады. Мысалы, Швеция Корольдігінің 1964 жылғы 6 мамырдағы «Пенитенциарлық мекемелердегі режим туралы» Заңына фин тәжірибесіне сүйене отырып өзгерістер енгізілді. Ең маңызды жаңашылдық – қоғамдық жұмыстарды бостандығынан айыруға балама ретінде кеңінен қолдану. Сонымен қатар, жазасын өтеп жатқан адамдарды қоғамдық пайдалы еңбекпен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән берілді. Заң бойынша, «ұсталғандар қамау кезінде белгілі бір жұмыстарды орындауға тиіс, ал сотталғандар жұмысқа немесе оқуға қатысуға міндетті» [8].

Финляндиядағыдай, Швецияда да арнайы орган – «Қылмыстың алдын алу жөніндегі мемлекеттік кеңес» құрылды. Бұл кеңес үкіметтің сот жүйесіндегі сараптамалық органы ретінде жұмыс істейді. Оның басты мақсаты – жазалау емес, сотталғандарды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту арқылы тәрбиелік ықпал ету. Осы мақсатта, Швецияның бүкіл қылмыстық-атқару жүйесі еңбекке жарамды әр сотталғанды жұмыспен қамтуды басты міндет санайды. Қазіргі швед заңнамасына сәйкес, мәжбүрлі еңбек – бостандығынан айыруға балама жаза түрі болып есептеледі [9, 250 б.].

Финляндияның тәжірибесі Германияның да қылмыстық-атқару жүйесіне әсер етті. Германияда, әсіресе кәмелетке толмағандар әділеті саласында, жазалаушы шаралардан гөрі, қоғамдық пайдалы еңбек сияқты реабилитациялық-түзету шараларына көбірек басымдық беріледі. 1990-жылдардың басында Германияның Конституциялық Соты кәмелетке толмағандарға қатысты мәжбүрлі еңбекті Конституцияға қайшы деп таныды, себебі бұл шаралар репрессивті сипатта болды. Сондай-ақ, «Жасөспірімдер соты туралы» Заң аясында қоғамдық жұмысты «қоғамға келтірілген залалды өтеу шарасы» ретінде ерекше ғана қолдану да Конституцияға қайшы деп танылды [10].

Соған қарамастан, Германия азаматтарына жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға қатысты ең әділ және оңтайлы жаза ретінде қоғамдық пайдалы еңбекті қатаң жазалаушы шараларға қарағанда әлдеқайда тиімді деп санайтынын көрсетті. «Кәмелетке толмағандарға қатысты бостандығынан айыру – ювеналдық құқықтағы ең қатаң жаза болып табылады және ол тәрбиелік және мәжбүрлі шаралар нәтиже бермеген жағдайда ғана соңғы шара ретінде қолданылуы тиіс» [11, 241 б.].

Қорытынды

Қазіргі қоғам жағдайында бас бостандығынан айыру дәстүрлі түрде қылмыстық жазаның ең қатаң түрлерінің бірі ретінде қарастырылады. Алайда оның нақты тиімділігі елеулі күмән тудырып, ғылыми және практикалық пікірталастардың өзегіне айналуда. Бір жағынан, қылмыскерді оқшаулау қоғамды аса қауіпті тұлғалардан уақытша қорғауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, пенитенциарлық жүйе көбіне сотталғандарды түзеу жөніндегі басты функциясын толық орындай алмайды. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдардың едәуір бөлігі қайта қылмыс жасайды, бұл қылмыстылық ахуалды ушықтырып, әлеуметтік шиеленісті арттыра түседі.

Қазіргі кезеңде мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да, әділ жаза тағайындау қажеттілігі мен қылмыскерге қатысты барабар әрі тиімді санкцияларды қолдану арасындағы теңгерімді іздестіру үстінде [12, 90 б.]. Осы тұрғыда бас бостандығынан айыру сияқты репрессивті шараларға балама жазаларды әзірлеу және енгізу қылмыстық саясаттың болашағы зор бағыты болып саналады. Мұндай шаралар қылмыстылық деңгейін төмендетіп қана қоймай, құқық бұзушылардың әлеуметтік бейімделуіне және қайта әлеуметтенуіне ықпал ете алады. Дегенмен, бас бостандығынан айыру жазасы аса ауыр қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қолданылатын ерекше шара ретінде сақталуы тиіс.

Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап Батыс елдерінде тек карательдік тәсілдерге негізделген саясаттан біртіндеп бас тарту үрдісі байқалады. Оның орнына қылмыстылық мәселесін шешуге кешенді көзқарас қалыптасып келеді. Мұндай тәсіл тек қана жаза тағайындаумен шектелмей, қылмыстық мінез-құлықтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени алғышарттарын зерттеуге бағытталған. Олардың ішінде кедейшілік, білім деңгейінің төмендігі, құқықтық сананың жеткіліксіздігі, мәдени капиталдың тапшылығы ерекше рөл атқарады. Осыған байланысты сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеуге бағытталған бағдарламалардың маңызы арта түсуде. Бұған білім алу, кәсіби дайындық, психологиялық қолдау және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жатады. Мұндай бағдарламалар жүйелі түрде іске асырылып жатқан мемлекеттерде қылмыстың қайталану деңгейі айтарлықтай төмендеген.

Авторлардың пікірінше, қылмыстық жаза түрін таңдауда гуманистік өлшемдер шешуші орын алуы тиіс. Қазіргі құқық жүйесі қоғам мүдделерін қорғаумен қатар, сотталғандардың да құқықтарын ескеріп, оларды түзелуге шынайы мүмкіндікпен қамтамасыз етуге міндетті. Гуманды әрі барабар жаза қолдану – табысты қайта әлеуметтенудің басты шарты. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қылмыстық саясатында гуманистік қағидаттарды басшылыққа алған мемлекеттер қылмыс деңгейін төмендетуде және құқықтық мәдениетті қалыптастыруда неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

Айта кету керек, сотталғандарды қоғамнан толық оқшаулауға негізделген жазалар көбінесе тиімсіз болып қана қоймай, керісінше, кері әсер береді. Түрме ортасы қылмыстық сананың орнығуына қолайлы жағдай туғыза отырып, рецидив қаупін күшейтеді. Бұдан бөлек, бас бостандығынан айыру орындарын ұстау мемлекеттік бюджетке орасан зор экономикалық шығын келтіреді.

Осылайша, баламалы жазалар қылмыскерлерді түзеу мен жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алуда анағұрлым пәрменді құрал ретінде қарастырылуы қажет. Қазақстанда соңғы жылдары осындай шаралар кеңінен енгізіліп, олардың үлесі бас бостандығынан айыруға жіберілгендердің санынан асып түсті.

Ерекше назар аударарлық жайт – пробация институтының қызметі. Ол алғаш рет Орталық Азия аумағында Қазақстанда іске асырылды және бостандықтан айыруға балама ретінде құқықтық бақылау нысанын білдіреді. Пробация қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сотталғандарды әлеуметтік бейімдеуге және олардың біртіндеп қоғамға қайта оралуына бағытталған.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» Заңының 6-бабында ресоциализация, әлеуметтік бейімдеу және қайта оңалту шаралары көзделгенімен, олардың іс жүзінде орындалуы әлі де жеткіліксіз. Дегенмен, Қазақстандағы пробация жүйесі қазіргі қылмыстық саясат талаптарына жауап береді және әлемдік тәжірибеге сәйкес тиімді балама жаза түріне айналу әлеуетіне ие.

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ:
  1. Spohn C. The deterrent effect of imprisonment and offenders’ stakes in conformity. Criminal Justice Policy Review. – [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://journals.sagepub.com/doi/10.1177/0887403406294945 Дата обращения: 10.09.2025
  2. Andersen L. H. Measuring the Effect of Probation and Parole Officers on Labor Market Outcomes and Recidivism. Journal of Quantitative Criminology. – [Электронный ресурс]. – Режим доступа: file:///C:/Users/user/Downloads/s10940-014-9243-4.pdf Дата обращения: 10.09.2025
  3. Virtanen S., Aaltonen М., Latvala А., Forsman М., Lichtenstein Р., Chang Z. Effectiveness of substance use disorder treatment as an alternative to imprisonment. – [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/38589822/ Дата обращения: 10.09.2025
  4. Daniel P. Mears, Joshua C. Cochran, William D. Bales. Gender differences in the effects of prison on recidivism. Journal of Criminal Justice. – [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://www.sciencedirect.com/science/article/abs/pii/S0047235212000864?utm_source=chatgpt.com Дата обращения: 10.09.2025
  5. Cid J. Is Imprisonment Criminogenic? A Comparative Study of Recidivism Rates between Prison and Suspended Prison Sanctions. – [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://journals.sagepub.com/doi/10.1177/1477370809341128?utm_source=chatgpt.com Дата обращения: 10.09.2025
  6. Trud М., Spivak В., James R. A systematic review and meta-analysis of the effects of judicial supervision on recidivism and well-being factors of criminal offenders. Journal of Criminal Justice. – [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://www.sciencedirect.com/science/article/abs/pii/S0047235221000167?utm_source=chatgpt.com Дата обращения: 10.09.2025
  7. Mamak К., Dudek К., Kwiatkowski D. Paradoxes of probation: Statutory limitation on the possibility of probation decreased the severity of judgments. – [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://journals.sagepub.com/doi/full/10.1177/20662203231214877?utm_source=chatgpt.com Дата обращения: 10.09.2025
  8. Wree Е., Pauwels L., Colman С., Ruyver В. Alternative sanctions for drug users: fruitless efforts or miracle solution? Crime, Law and Social Change. – [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://link.springer.com/article/10.1007/s10611-009-9206 0?utm_source=chatgpt.com Дата обращения: 10.09.2025
  9. Kamil M. A New Opening for the Alternative Punishments Debate: Applying the Extended Mind Thesis // Ratio Juris. – 2024. – Volume 37. – № 3. – Р. 248 - 268
  10. Thomas C., Christopher L. The Supervision of Low-risk Offenders: How the Low-risk Policy Has Changed Federal Supervision Practices without Compromising Community Safety. – [Электронный ресурс]. – Режим доступа: file:///C:/Users/user/Downloads/cohencooklowenkamp.pdf Дата обращения: 10.09.2025
  11. 11 Novisky M. Tostlebe D, Pyrooz J. The COVID-19 pandemic and operational challenges, impacts, and lessons learned: a multi-methods study of U.S. prison systems // Health Justice. – 2023. – Vol. 5. – №11(1). – Р. 235-251
  12. Муканов М. Р. Обеспечение эффективности исполнения наказания в виде общественных работ в Республике Казахстан // ҒЫЛЫМ - НАУКА Международный научный журнал. Костанайская академия МВД РК им. Ш. Кабылбаева. – 2024. – №2 (81). – С. 89-93
REFERENCES:
  1. Spohn C. The deterrent effect of imprisonment and offenders’ stakes in conformity. Criminal Justice Policy Review. – [Elektronnyy resurs]. – Rezhim dostupa: https://journals.sagepub.com/doi/10.1177/0887403406294945 Data obrascheniya: 10.09.2025
  2. Andersen L. H. Measuring the Effect of Probation and Parole Officers on Labor Market Outcomes and Recidivism. Journal of Quantitative Criminology. – [Elektronnyy resurs]. – Rezhim dostupa: file:///C:/Users/user/Downloads/s10940-014-9243-4.pdf Data obrascheniya: 10.09.2025
  3. Virtanen S., Aaltonen M., Latvala A., Forsman M., Lichtenstein R., Chang Z. Effectiveness of substance use disorder treatment as an alternative to imprisonment. – [Elektronnyy resurs]. – Rezhim dostupa: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/38589822/ Data obrascheniya: 10.09.2025
  4. Daniel P. Mears, Joshua C. Cochran, William D. Bales. Gender differences in the effects of prison on recidivism. Journal of Criminal Justice. – [Elektronnyy resurs]. – Rezhim dostupa: https://www.sciencedirect.com/science/article/abs/pii/S0047235212000864?utm_source=chatgpt.com Data obrascheniya: 10.09.2025
  5. Cid J. Is Imprisonment Criminogenic? A Comparative Study of Recidivism Rates between Prison and Suspended Prison Sanctions. – [Elektronnyy resurs]. – Rezhim dostupa: https://journals.sagepub.com/doi/10.1177/1477370809341128?utm_source=chatgpt.com Data obrascheniya: 10.09.2025
  6. Trud M., Spivak V., James R. A systematic review and meta-analysis of the effects of judicial supervision on recidivism and well-being factors of criminal offenders. Journal of Criminal Justice. – [Elektronnyy resurs]. – Rezhim dostupa: https://www.sciencedirect.com/science/article/abs/pii/S0047235221000167?utm_source=chatgpt.com Data obrascheniya: 10.09.2025
  7. Mamak K., Dudek K., Kwiatkowski D. Paradoxes of probation: Statutory limitation on the possibility of probation decreased the severity of judgments. – [Elektronnyy resurs]. – Rezhim dostupa: https://journals.sagepub.com/doi/full/10.1177/20662203231214877?utm_source=chatgpt.com Data obrascheniya: 10.09.2025
  8. Wree E., Pauwels L., Colman S., Ruyver V. Alternative sanctions for drug users: fruitless efforts or miracle solution? Crime, Law and Social Change. – [Elektronnyy resurs]. – Rezhim dostupa: https://link.springer.com/article/10.1007/s10611-009-9206 0?utm_source=chatgpt.com Data obrascheniya: 10.09.2025
  9. Kamil M. A New Opening for the Alternative Punishments Debate: Applying the Extended Mind Thesis // Ratio Juris. – 2024. – Volume 37. – № 3. – R. 248 - 268
  10. Thomas C., Christopher L. The Supervision of Low-risk Offenders: How the Low-risk Policy Has Changed Federal Supervision Practices without Compromising Community Safety. – [Elektronnyy resurs]. – Rezhim dostupa: file:///C:/Users/user/Downloads/cohencooklowenkamp.pdf Data obrascheniya: 10.09.2025
  11. 11 Novisky M. Tostlebe D, Pyrooz J. The COVID-19 pandemic and operational challenges, impacts, and lessons learned: a multi-methods study of U.S. prison systems // Health Justice. – 2023. – Vol. 5. – №11(1). – R. 235-251
  12. Mukanov M. R. Obespechenie effektivnosti ispolneniya nakazaniya v vide obschestvennykh rabot v Respublike Kazakhstan // GhYLYM - NAUKA Mezhdunarodnyy nauchnyy zhurnal. Kostanayskaya akademiya MVD RK im. Sh. Kabylbaeva. – 2024. – №2 (81). – S. 89-93
PDF оттиск
PDF оттиск
Сравнительное правовое исследование уголовных наказаний и альтернативных мер воздействия за рубежом

ТЕОРИЯ НАЦИОНАЛЬНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ

ИСТОРИЯ. ТАКТИКА И ОПЕРАТИВНОЕ ИСКУССТВО

ТЕХНИКА И ВООРУЖЕНИЕ. ВОЙСКОВОЙ ТЫЛ

ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ОБРАЗОВАНИЯ И ВОСПИТАНИЯ

AutoSciPub
Демонстрационная форма успешно отправлена.