AutoSciPub

Материал

ӘОЖ: 351.741
ҒТАМР: 10.01.29

ТУРУНТАЕВА А.А.1, САРСЕКОВ Б.С.2

1 заң ғылымдары магистры, ӘГП кафедрасы сеньор-лекторы. Алматы Технологиялық Университеті
2 заң ғылымдарының кандидаты, РҚБ «Генералдар кеңесі», төралқа төрағасы.

ӘСКЕРИ ҚҰҚЫҚ ПЕН ТӘРТІПТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Андатпа. Аталған мақалада Қазақстан Республикасы әскери тәртіп пен ондағы құқық бұзушылықтың өзектілігі қарастырылады. Тәртіптік уставта әскери тәртіп - жаппай әскери кызметшілерге заңды және әскери уставтарда көрсетілген тәртіпті және де сол ережелерді қатаң сақтауы мен сол мезеттерде атқаруы ондағы негізгі міндеттері болатындығында. Бірақтан да әскери тәртіп ұғымы уставта жазылған болғанымен, заңдылық және әскери тәртіп ұғымдары толық бір-біріне сәйкес келмейді және де қиын да көпкырлы екендігін көрсетеді. Заңдылық жаппай eліміздегі органдармен, қоғамдық ұйымдардың лауазымдық тұлғалары мен азаматтар үшін конституциялық нормасымен реттелсе, әскери тәртіп - тек әскери баскару органдары қызметімен жүргізілетіндігінде. Әскери тәртіптің маңыздылығы ондағы талаптың мазмұны мен әрекет ету аумағында болсада, оны бұзудың сипаты мен жауапкершілік дәрежесінен де нық көрінеді. Авторлар еліміздегі әскери ортада болып жатқан құқық бұзушылық туралы айта отырып, оған толықтырулар мен өзгерістер жасау жөнінде ұсыныстар жасайды. Бұл заманауи уақыт талабы екенін түсіндіреді.

Түйінді сөздер: әскери тәртіп, уставтар, тәртіп ережелері мен міндеттері, әскери тәртіпті реттеуші заңдылықтар, іскери тәртіпте туындайтын жауапкершіліктер, жауапкершілікті жетілдірудің негізігі бағыттары.

ТУРУНТАЕВА А.А.1, САРСЕКОВ Б.С.2

1 магистр юридических наук, сеньор-лектор кафедры АГП. Алматинский Технологический Университет
2 кандидат юридических наук, РОО «Совет генералов», председатель президиума.

АКТУАЛЬНОСТЬ ПРАВОВОГО АНАЛИЗА ПОНИМАНИЯ И ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ВОЕННОГО ПРАВА И ПОРЯДКА

Аннотация. В данной статье рассматривается актуальность воинской дисциплины и правонарушений в Республике Казахстан. Воинская дисциплина в дисциплинарном уставе заключается в том, что основными задачами массового военнослужащего являются строгое соблюдение и своевременное исполнение порядка и правил, указанных в законах и воинских уставах. Однако, несмотря на то, что понятие воинской дисциплины прописано в уставе, понятия законности и воинской дисциплины не полностью совпадают и демонстрируют сложность и многогранность. Законодательство в целом регулируется органами, конституционными нормами для граждан и должностных лиц общественных организаций, а воинская дисциплина - только деятельностью органов военного управления. Важность воинской дисциплины выражается в ее характере и степени ответственности, хотя она и находится в зоне действия и содержания требования. Авторы, говоря о правонарушениях, происходящих в нашей стране в военной среде, вносят предложения по внесению в них дополнений и изменений. Это говорит о том, что это требование современности.

Ключевые слова: воинская дисциплина, уставы, правила и задачи дисциплины, законодательство, регулирующее воинскую дисциплину, ответственность, возникающая в деловом порядке, основные направления совершенствования ответственности.

TURUNTAEVA A.A.1, SARSEKOV B.S.2

1 Master of Law, Senior Lecturer, Department of AGP. Almaty Technological University
2 Candidate of Law, RPO "Council of Generals," Chairman of the Presidium.

RELEVANCE OF LEGAL ANALYSIS OF UNDERSTANDING AND ACTIVITIES OF MILITARY LAW AND ORDER

Annotation. This article considers the relevance of military discipline and offenses in the Republic of Kazakhstan. Military discipline in the disciplinary charter is that the main tasks of a mass soldier are strict observance and timely execution of the order and rules specified in laws and military charters. However, despite the fact that the concept of military discipline is spelled out in the charter, the concepts of legality and military discipline do not completely coincide and demonstrate complexity and versatility. Legislation as a whole is regulated by bodies, constitutional norms for citizens and officials of public organizations, and military discipline is regulated only by the activities of military command and control bodies. The importance of military discipline is expressed in its nature and degree of responsibility, although it is in the zone of operation and content of the requirement. The authors, speaking about the offenses occurring in our country in the military environment, make proposals for making additions and changes to them. This suggests that this is a requirement of modernity.

Keywords: military discipline, charters, rules and tasks of the discipline, legislation governing military discipline, responsibility arising in a business order, the main directions for improving responsibility.

Аталған мақалада Қазақстан Республикасы әскери тәртіп пен ондағы құқық бұзушылықтың өзектілігі қарастырылады. Тәртіптік уставта әскери тәртіп - жаппай әскери кызметшілерге заңды және әскери уставтарда көрсетілген тәртіпті және де сол ережелерді қатаң сақтауы мен сол мезеттерде атқаруы ондағы негізгі міндеттері болатындығында. Бірақтан да әскери тәртіп ұғымы уставта жазылған болғанымен, заңдылық және әскери тәртіп ұғымдары толық бір-біріне сәйкес келмейді және де қиын да көпкырлы екендігін көрсетеді. Заңдылық жаппай eліміздегі органдармен, қоғамдық ұйымдардың лауазымдық тұлғалары мен азаматтар үшін конституциялық нормасымен реттелсе, әскери тәртіп - тек әскери баскару органдары қызметімен жүргізілетіндігінде. Әскери тәртіптің маңыздылығы ондағы талаптың мазмұны мен әрекет ету аумағында болсада, оны бұзудың сипаты мен жауапкершілік дәрежесінен де нық көрінеді.

Авторлар еліміздегі әскери ортада болып жатқан құқық бұзушылық туралы айта отырып, оған толықтырулар мен өзгерістер жасау жөнінде ұсыныстар жасайды. Бұл заманауи уақыт талабы екенін түсіндіреді.

Түйінді сөздер: әскери тәртіп, уставтар, тәртіп ережелері мен міндеттері, әскери тәртіпті реттеуші заңдылықтар, іскери тәртіпте туындайтын жауапкершіліктер, жауапкершілікті жетілдірудің негізігі бағыттары.

Мемлекет басшысының жариялағанындай, еліміздегі «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы құқық үстемдігін нығайтуға, құқық қорғау органдарының тиімділігін арттыруға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алуды көздейді.

Әскеридегі құқықтың негізі - бұл қарулы күштердің қызметтерін және әскеридегіқызметшілердің мінез-құлықтарын реттеуші заңдар мен ережелердің жиынтығы.

Әскеридегі ортада «Заң және тәртіп» тұжырымдамасына келсек – бұл құқықтық тәрбие мен әскеридегітәртіптің қалқаны болуда уақыт талабына сәйкес қабылданған нормативті акт. Ол әскеридегі қызметтің жаппай аспектілерін, соның ішінде әскеридегіқызметшінің тағайындалған құқықтары мен міндеттерін, өз қызметін өтеудің тәртібін,  ішкі тәртіптік іс-шараларды және құқықбұзушылықтар туындағандағы жауапкершіліктер жүйесін де қамтиды.

 Әскеридегі тәртіп eліміздегі  құқық жүйесіндегі тәртіптің ең бір маңызды формасы болып табылады, өйткені ҚР Қарулы Күштерін  жалпылама жетілдірудің, кез келген уақытта төтенше жағдайларға дайындығын көтермелеудің көптеген факторларының ішіндегі ең қиын да көпқырлы құбылыс болатындығы – бұл әскеридегітәртіпті жан-жақты нығайту мәселесінің қоғамда бірінші орын алатындығының дәлелі.

Ең алдыменен уставтағы әскеридегітәртіп түсінігіне тоқталсақ, әскеридегіқызметті атқарушылар арасындағы заңмен бекітілген ережелерді қатаң да міндетті сақтап, оны мұқият атқару болып табылады. әскеридегітәртіп қағидалары әскеридегіқызметкерлерге қойылатын талаптарды, нақтылап ұсынып, басқа eліміздегі тәртіп түрлерінен айырмашылығын реттеп, кез келген уақытта ашық көрсетіп отырады. Саралай тұрып әскеридегі тәртіп дұрыс та бұрыс жағынан диалектикалық біртұтастық ұғымын да қалыптастырады [1. 87 б.]. Осы мәселенің дұрыс жағына келсек, әскери қызметшілердегі әдептер пен әдептерді міндетті атқару талаптарын бекітіп, тәртіптің құқықтық жағын да анықтайды, және де бұл дегеніміз әскердегі норманың құықтық негізін, әскери әдептің белгілерін құрастыра көрсетсе, көрсетілген ережелерді сақтау оның бұрыстық жағын да көрсетеді. Бірақ әскеридегітәртіптің уставтағы ұғымы онда жазылғандағыдан қиын да, көп кырлы екенінін ұмытпаған да жөн. Қоғамда әскеридегі тәртіптің көп қырлы қиындығының уставта көрсетілгеннен де күрделілігін көбі біле де бермейді. Құқық нормалары және әскеридегі әдептердің қатынасындағы тығыз байланыстарымен қатар көптеген өзгешіліктері де жеткілікті.

Әскерлердегі тәртіптің заң нормаларынан айырмашылығын талдайтын болсақ; - бұнда құқықтың нормалары талаптан да басқаша, яғни сәйкестіктермен қатар, техникалық стандарттары мен қағидаларды, заңды бұзбау арқылы да атқаруды міндеттейді, ал әскердегі тәртіби қағидалары бұл қызметтің жоқ нысандарында да жүреді де тоқтатылады; - құқық eліміздегі тәртіптің бір формасы ретінде болғаныменен де, жалпы сипаттағы әскердегі тәртіпке де міндеттеледі, мәселең, еңбек құқығы қағидалары қызмет көрсетудегі жұмыс міндеттемелерін жүзеге асырушы жұмыскер мен еңбеккерлерге ғана қатысты болады десек те, бұл норма әскеридегі қызметерге де тиесілі екенінен де көрсетіледі; - көп жағдайларда әскеридегітәртіпке басқа тәртіптің түрлеріне қарағанда басқаша талаптарда қойылады, бұлар бір-бірімен байланысты болса да, құқұқтық және әскердегі тәртіптегі әдептік түсіндірмлерінің жаппай ұқсас болмайтындығы  деген түсінік те бар.

Бірақтан да қолданыстағы құқықтық базаның жеткіліксіздігін көрсететінін, сонымен бірге тәртіптік рәсімдердің ашықтығы мен жауапкершілігіне күмән тудыратынын айтуға негіз болатынын да ұмытпағанымыз дұрыс болар, қазіргі заңнамалық нормалар мен тәртіпті қамтамасыз ету тетіктері заман талабына сай еместігі ешкімге жасырын емес.

Заманауи заңдылықтар жинақтамасы жаппай eліміздегі мемлекеттің басқару, атқару органдарымен қабылданып, орындалуы бақыланса, ал қоғамдық ұйымдардың лауазымдық тұлғалары мен азаматтар үшін бұл заңнамалар тек қана конституциялық принциптер болғанда, өз кезегінде әскердегі тәртіп – әскердегі ортадағы баскару органдарының қызметтеріне ғана тәндігінде, - Ата заңның құқықтың қағидасында, eліміздегі мемлекеттік басқару мекемелерінің, қоғамдастықтардың, әлеуметтің, қызмет көрсетушілердің қызметтерін реттейтін заңнама болғаныменен, ал әскердегі тәртіп орталық ішкі әскерлер басқармасыныі қызметтік қағидасымен реттеледі. Мысалы, әсіресе әскеридегіқызметтегі қиындығын олардың қажырлылықпен көтеруі, әскерідегі борышты қайсарлықпен атқаруы, адал да шыншыл болуы мен тәртіпті және жігерлі болуының, командирлердің уставтағы бұйрықтарына сөзсіз бағынуымен, ал соғыс жағдайында елімізді қорғау болып табылады. Уставтың қағидалары мен үлгілері әскерге қатыстылардың араласуы өзара теңдей болғаныменен, бірақ та олар әскердегілердің атақтарының реттілігі бойынша орындалып отырады [2]. Осы уставтағы аталып өткен әскеридегіміндеттерді талдасақ - оның тек заңдық маңыздылығы ғана емес, сонымен қатар ортада нақтыланған мейірімділіктің болғанын да білдіреді. Айтар болсақ, субъектілердің қоғам алдында шынайылығы мен әдептілігі, жаугершілік ортада сенімділікті арттыру мен нақты қалауменен әскербастылықты үйренуі және де тағысын тағылар жатады.

Сонымен қатарға әскери кызмет атқарушылардағы небір қажет нәрселерді құқықтық ұғымында қамтылмайды, оған «әскеридегі қызметтің қиындықтарына шыдау», «жауынгершілікте қолдауды марапаттау», «әскери командирдің (басшының) әмірін (жарлығын) сөзсіз атқару, соғыстағы жаугершілікте туды қорлатпау», әскеридегі қызметтердегі бұйрықты беру мен атқару тәртібін, әскердегі мекемедегі сыпайылықты бұзбау, құқықбұзушылықты болдырмау әрекеттеріндегі шарттарды реттейді және де бұл әскердегі талапты белгілеп,  атқарушыға жоғары талап қояды.

Әскеридегі тәртіптің заңдық жүйесіне осы ортаны реттеуші заңдар мен басқа да заң актілері құрайды: - ол 1995 жыл 30 тамыздағы ҚР Конституциясы; - ҚР ҚК басқа да әскерлері мен әскеридегіқұралымдарының ҚР Президенті 2025.28.10. ішкі қызмет жарғысы; - "ҚР әскеридегідоктринасын бекіту туралы" ҚР Президенті 2011 ж. 11 қазан № 161 Жарлығы; - ҚР ҚК Уставтары - әскеридегіқызметтің, ішкі тәртіптің, қызмет атқаруды ұйымдастырудың 05.05.2015 ж қағидалары; - әскеридегіміндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскеридегіесепке алу қағидаларын бекіту туралы ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығы;- 2012 жылғы 16 ақпандағы "әскеридегіқызмет және әскеридегіқызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңдары жатады. Бұл актілердің жүйесі әскеридегітәртіптегі талаптарды, оны жауапкершіліке алу жолдарын, жауапкершілік бағыттарын орындаудың қағидасын тағайындайды.

Әскердегі қызмет ортасындағы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының бағдарламалық аясында қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алуда жаппай санаттағы әскеридегіқызметшілердің бөлімдерінде онлайн трансляция арқылы сот процестерінің көрсетілуі, қазіргі таңда үкімдерді жариялау ашықтан ашық  өткізіледі.

Республикамыздың Қарулы Күштерінде әскердегі қызметшілердің қызметтік және арнайы міндеттері бекітілген. ҚР Қарулы күштеріндегі әскердегі қызметіндегі міндеттіліктері қағидаларында: «әскерде қызмет етушілер сенімділігі», «әскердегі қызмет еткендерілер мен олардың семьясы мен семьыларындағыларын әлеумет жағына қолдау мен ресмиліктері жайлы» бөлімінде бар, тәртіптік жарғының 4-бабы әскеридегітәртіптегі әскеридегіқызметшіге мынадай міндеттерді бекіткен:

- ҚР Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауды; - әскеридегіантқа адалдық, жалпы әскеридегіжарғының талабын қатаң сақтауды, командирлердің (бастықтар) бұйрықтарын дәл атқаруды; - әрдайым қырағы болу мен eліміздегі құпияларды сақтау; - әскеридегі командирлер мен бастықтарға ортада құрмет көрсету, әскеридегі сәлемдесуді сақтау, әскеридегіәдептілік қағидаларын сақтау.

Соныменен бірге, тәртіптік жарғысындағы 3 бабы көрсеткендей, әскеридегі тәртіби әдеп кез келген әскерде еңбек етушіге; - әлеуметтік ортада да өзінше тамашы ұстауды; - құқық бұзушылыққа мүмкіндік берілмеуіне, субъектілерді жамандықтан қорғауды; - оңтайлы сенімділік білдіруі; - сарбаздық істерді жүргізудің халықаралық міндеттері жүйесін мүлтіксіз сақтау мен орындай білуді де қоса үйретеді [3]. Анықталған сарбаздардың орындалуы тиісті істерді сараптама жасағанда, заңи сипаттамадан басқа, оған қоса әділеттілік мінезділігін ашық көрсететіндігі көрінеді, мысалы: шынайы, тәрбиелі, жау -жүрегінің болуы, сарбаздық жолдастықты қадірлеу, жүктелген істі таза жасау мен Әдеп уставтағы тәртіпке жету жолдарын, оларды сактап тұрудағы командирлердің (басшылықтың) міндеттері де бар.

Әскердегі тәртіп – еліміздегі Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетінің өзегі болғандықтан, ол жеке құрамның моральдық-психологиялық тұрақтылығына, жауапкершілігіне және тапсырманы атқару деңгейіне тікелей де әсер етеді. Бұл мәселе тек әскердің ішкі тәртібі үшін ғана емес, сонымен бірге қоғамның ҚР Қарулы Күштеріне нық сенімін арттыру мен ұлттық қауіпсіздікті нығайту үшін де маңызды.

Әскердегі тәртіпке қатысты билікті айтсақ, әскердегі ұйым басшысы  мен басқарушының өз өкілеттіліктерін пайдалан отырып өзге мекемелерге жеткізбей, заң нормаларында бекітілгендей әскердегі әдептерді бекіту  шарасын атқаруда ғана қабыл алуға құқығы болады және де міндетенеді.

Бұндай басқару тек қызмет атқаруда және қатаңдатылған уставтық ережемен жүргізілуі керек. Сарбаздық әдеп пен қатты уставтық тәрбиені ұстанумәселелрі  құқықтық актілермен реттеуші әскеридегі басқарушыларға тиісті қолданыстағы құқықтық шаралар да жүргізіледі. Мундай әрекетті жүргізуде мекеме басшылары және басқарушыға тәртіптік билеушілік құзыреті белгіленеді. Ортадағы әдепті нақтылауда заңды нысанда командирге (бастықка) белгіленген құқық іс-шарасына:- мадақтау хаттары; - әскеридегі тәртіп бұзушылықтың алдындағы әрекеттер; - катаң ескерту мен сөгіс беру төртібі; - тәртіптік іс-әрекеттің басқа да жұмыстары атқарылады.

Әскерилерге қылмыстық жауапершілік, жасаған қылмысын мойнына алып өкінбегендігі, бұйрықты дер кезінде орындамағаны, өзіне бекітілген бөлімді өз бетімен қалдырғаны үшін де белгіленеді,ол жағдайда әскерилер қоғамға қауіпті құқық бұзу дәрежелік сипатында ҚР заңдарымен жауапкершілікке тартылады деп айқындалған.

әскеридегітәртіптің ерекшелігі оны бұзған дәрежесі мен сипатымен, мазмұны мен талаптарына қойылатын салаларда жақсы көрінеді. Тәртіптік іс қимылдарының ішінде тәртіптік жарғымен қарастырылмаған айырмашылықтар да бар. әскеридегітәртіпті бұзғанда, заң жүзінде бекітілген командирлер мен бастықтардың тәртіптік практикасында жиі қолданылатын мынадай шаралар бар: - міндетті демалыстың мерзімін қысқарту; - арнаулы әскеридегімекемедегі оқуды тоқтату; - әскердегі қызметшіні әскеридегі форманы дұрыс кимегені және әскеридегі сәлемдесу ережесін орындамағаны үшін ұстау; - сапқа тұру дайындығы мен жарғыны оқуы бойынша комендатурада әскери сабақ өткізу шаралары бар. Басқа тәртіп түрлеріне қарағанда әскеридегі ідептің талабын бұзғандарға заңда өте қатаң жауапкершліктер бекітілген, ал әскериден тәртіп ерекшеліктері оның талаптарының мазмұны мен әрекет ету аумағынан ғана емес, оны бұзудың сипаты мен ондағы жауапкершілік дәрежесінен де көрінеді. Әрдайым қоғамда жүргізілетін әлеуметтік сауалнама нәтижелерінде әскеридегі қызметшілердің жарғы мен заң талабын жазалау шараларынан қорыққандықтан өз еріктерімен орындаймыз дегенді жауап ретінде де берген. Ондағы күштеу мүмкіндіктері шындыққа жанаса келе, іштегі тәртіпті сақтауға психологиялық тұрғыдан көмектеседі деп түсіндңріледі[4].

Қазіргі уақытта елімізде әскери қызметтер туралы ақпаратқа қол жеткізуге және оны тегін алуға көмектесу үшін жасанды интеллект негізінде Цифрлық консультант құру бойынша жұмыс басталды (пилоттық жоба //armia.kz.// Қорғаныс министрлігінің ведомстволық сайтында іске асырылуда). Әскерге шақыру комиссиялары жұмысының ашықтығы мен объективтілігін арттыру үшін ондағы отырыстарының аудио - бейне тіркелуін қамтамасыз ету де жоспарлануда.

Және де Бас прокурор Б. Асыловтың тапсырмасымен Бас әскерден прокуратура өз ведомстволармен алдыңғы қызмет тиімділігін арттыруға және армияда құқықтық тәртіпті нығайтушы "әскердегі Заң және тәртіп" және "Цифрлық профилактика" бағдарламаларының жобаларын әзірленді. Бағдарламаларды іске асыру жұмысы 2025-2028 жылдарға арналған. Бағдарламаларда интерактивті құралдарды (бейнероликтер, слайдтар), ситуациялық міндеттерді пайдалану, психологтардың қатысуы және аудиторияны осы процеске белсенді тартумен жеке құраммен түсіндіру жұмысының сапасын арттыруға баса назар аударылуда. Осы салада көп жұмыс атқарылуда.

Әскерде қызметкердің әскердегі тәртіптің талаптары туралы көзқарасы оны атқарумен ғана тұрмайды, онымен бірге eліміздегі күштеу шаралары да бар және де ол әскеридегітәртіпті қолдаушы заңымен қарастырылған, талапты атқаруға кепілдік беретін органдар да бар екенін білулері де керек. Осы мәселені көтерген сенатор Андрей Лукин Қазақстан ҚК әскеридегі тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын алудағы мәселені өзінің депутаттық сауалында Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады, бұнда ол басқарушылықпен қатаң жарғылық тәртіптік тұрғыдан қызметшінің мүддесінде қолданылуы керек деген болатын. әскеридегітәртіпті қамтамасыз етуде жұмыстың барлығы тек сендіріп, күштеу әдістеріне негізделгенінін, ең алдыменен сендіру орын алады деп көрсетті. Оған қоса күштеуді де алып тастамайды, күштеу әскеридегіқұрылыстың бір шеті ретінде болса, тәжірибеде көретініміз, қазіргі таңдағы нормативтік-құқықтық реттеудің жеткіліксіздігі. Ескертулер ортада сақталғанымен, әлі де жеке құраманың бөлініп кетуі, уставқа қарсы әрекеттер жинағы, осв саладағы сыбайлас жемқорлық және тәртіп қағидаларын бұзу жағдайлары  күнде болуда, оған қарсы профилактиканың тиімділігі өте төмен, әскеридегіполиция, прокуратура мен команда арасының жеткіліксіз байланыста болуында деді.

Лукин мырза «бұл тапсырманы атқаруда заңнамалық нормалардың жетілдірілуін, құқықтық ережелер  әлдеқашан ескіргенін, құрылымаралық құзыреттердің нақты бөлінбегенін, көп рәсімдерде цифрландыру мен eліміздегі органдарда талапқа сай емес» деді. Лукин назарды әскеридегіортадағы суицидтің алдын алуға, ондағы әлеуметтік - психологиялық мәселелермен, уставқа қарсы қатынастар және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бағыттарында аударуды да ұсынды. Және де бұлай туындаған мәселелер тек қана ұйымдастырушылық фактор рөлін ғана атқарады, әскеридегіұжым ішінде қарым-қатынас жүйесін тәртіпке келтіріп сақтайтындығын, осы ережелер мен нормалар қызмет бабы мен әскеридегіатағы жағынан бір-біріне тең әскеридегіқызметшілер арасындағы қарым-қатынасты қамтитындығын атады. Бұл  әскеридегі қызметшілерге өз міндеттері мен құқығынан тыс тапсырма беруден ғана туындайды. Мұнда әскерліктегі атақтарына байланысты бастықтар мен қарамағындағылардың, үлкен мен кішінің міндеттері де жатады[5].

Сенатордың осы саланы жетілдіру мақсатындағы ұсынысын менде қолдар едім; - ол әскеридегіполиция, команда құрамын, құқық қорғау органының функцияларын өз алдына нақтылау; - әскеридегітәртіпті бақылауда цифрлық мониторингті заңды бекітуді нақтыласақ; - құқық бұзушылықтың ауырлық негізінде шара қолдану;  - әскеридің әлеуметтік кепілдікті теріс пайдалануын заңды түрде реттеу; - әскериде психологтарды көптеп, біліктіліктігін жоғары дәрежеде даярлау; - психодиагностикалық заманауи әдістерді қолданудағы сертификаттауды енгізу; - суицидтің алдын алуда eліміздегі органдардағы жаңа бағдарламалар жасау; - ерлер-контрактшылар мен сержанттарды лидерлік, зорлық-зомбылықты алдын алу дағдыларына үйрету.

Қорыта келгенда, әскеридегі әдептерде оның объективті және субъективті жақтарының диалектикалық бірлігінде басқаша өмір болады деп айтуға болады. Әскер құрамындағы тәртіптің объективті жағына зерделесек, әскеридегі қызметшілерге қойылатын заң нормаларының, тәртіп қағидаларынің талаптарынан және оларды атқару тәртібінен көрінеді. Субъективті жағында бекітілген талаптарды нақты сақтауында байқалады.

Сонымен бірге әскер арасындағы психологтарды даярлау және сертификаттау бойынша бірыңғай жаңаша стандарттар қабылдау, сондай-ақ суицидтің алдын алу бағытында ведомствоаралық жаңа да қолданылатын да қорғалатын нақты бағдарлама әзірлеу уақыты келгенін, мұндай шаралар Қарулы Күштердегі құқықтық тәртіпті нығайтып, әскеридегіқызметтің беделін арттыруға мүмкіндік беретіндігіне сенім тудырады.

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ:
  1. Әскери-патриоттық тәрбие негіздері [Мәтін]: оқу құралы /Б. Р. Ахметов, А. Қ. Демеуов, А. К. Бекбосунов; Халықаралық туризм және меймандостық ун-ті. - Алматы : ADAL KITAP, 2022. - 140 б.
  2. Закон Республики Казахстан «О воинской службе и статусе военнослужащих» от 16 февраля 2012 года.Дата ввода документа в базу данных: 09.02.2025. Источник; https://pavlodar.com/zakon/?dok=05260&all=all Сұраныс берілген уакыты 12.01. 2026 ж
  3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ІШКІ ҚЫЗМЕТ ЖАРҒЫСЫ (2025.09.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) ҚР Президентінің 2025.28.10. № 1068 Жарлығымен кіріспе өзгертілді https: //online.zakon.kz/ Document/?doc_id=
  4. ҚРҚК Жарғылары - әскери қызметтің, ішкі тәртіптің, қызмет атқаруды ұйымдастырудың негізгі ережелері туралы. 05.05.2015 ж. https://infolesson.kz/rk-zharilari-skeri-izmetti-ishki-trtipti-izmet-atarudi-yimdastirudi-negizgi-erezheleri-turali-265400.html. Сұраныс берілген уакыты 03 .12. 2025 ж.
  5. Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысы.https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000620. ҚР Үкіметінің 20.08.2024 № 673 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ ерте дегенде 20.08.2024 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
REFERENCES:
  1. Askeri-patriottyq tarbie negizderi [Matin]: oqu quraly /B. R. Akhmetov, A. Q. Demeuov, A. K. Bekbosunov; Khalyqaralyq turizm zhane meymandostyq un-ti. - Almaty : ADAL KITAP, 2022. - 140 b.
  2. Zakon Respubliki Kazakhstan «O voinskoy sluzhbe i statuse voennosluzhaschikh» ot 16 fevralya 2012 goda.Data vvoda dokumenta v bazu dannykh: 09.02.2025. Istochnik; https://pavlodar.com/zakon/?dok=05260&all=all Suranys berilgen uakyty 12.01. 2026 zh
  3. Qazaqstan Respublikasy Qaruly Kushterining, basqa da askerleri men askeri quralymdarynyng IShKI QYZMET ZhARGhYSY (2025.09.11. berilgen ozgerister men tolyqtyrularmen) QR Prezidentining 2025.28.10. № 1068 Zharlyghymen kirispe ozgertildi https: //online.zakon.kz/ Document/?doc_id=
  4. QRQK Zharghylary - askeri qyzmetting, ishki tartipting, qyzmet atqarudy uyymdastyrudyng negizgi erezheleri turaly. 05.05.2015 zh. https://infolesson.kz/rk-zharilari-skeri-izmetti-ishki-trtipti-izmet-atarudi-yimdastirudi-negizgi-erezheleri-turali-265400.html. Suranys berilgen uakyty 03 .12. 2025 zh.
  5. Qazaqstan Respublikasynyng azamattaryn askeri qyzmetke shaqyrudy uyymdastyru men zhurgizu qaghidalaryn bekitu turaly Qazaqstan Respublikasy Ukimetining 2012 zhylghy 15 mamyrdaghy № 620 qaulysy.https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000620. QR Ukimetining 20.08.2024 № 673 (alghashqy resmi zhariyalanghan kuninen keyin, biraq erte degende 20.08.2024 qoldanysqa engiziledi) qaulysymen.
PDF оттиск
PDF оттиск
Актуальность правового анализа понимания и деятельности военного права и порядка

ТЕОРИЯ НАЦИОНАЛЬНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ

ИСТОРИЯ. ТАКТИКА И ОПЕРАТИВНОЕ ИСКУССТВО

ТЕХНИКА И ВООРУЖЕНИЕ. ВОЙСКОВОЙ ТЫЛ

ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ОБРАЗОВАНИЯ И ВОСПИТАНИЯ

AutoSciPub
Демонстрационная форма успешно отправлена.